Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болып сайланған Бекмұханбетов әлі күнге дейін қызметіне кіріспеген

Опубликовано:

Дәурен Бекмұханбетов
Дәурен Бекмұханбетов. Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Бір ай бұрын ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болып сайланған Дәурен Бекмұханбетов қызметіне кірісе алмай жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Дәурен Бекмұханбетов қарашаның басында Талдықорған қаласында өткен жиында ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері ретінде таңдалған.

Оған сала министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Олимпиада комитеті мен федерация өкілдері қатысқан. Сол кезде құрама жетекшісінің орны дауысқа салынып, 17 өңірден келген аға жаттықтырушының дені Бекмұханбетовке дауыс берген.

"Үш үміткер қатыстық. 17 аймақтан 14 дауыс жинадым. Сол жерде бәрі мақұлданды. Ұлттық олимпиада комитеті мен федерация өкілдері қарсылық білдірген жоқ. Әрі қарай федерация тарапынан қандай да бір әрекет күткенмін. Бірақ, уақытты соза берді. Маған "күтіңіз, әзір емес" деп жауап қатты", - дейді Бекмұханбетов.

Жаңа бапкер құжатын түгендеп спорт және денешынықтыру комитетіне жолдаған. Алайда бірнеше күннен соң министрлік өкілдері "не үшін бапкерліктен бас тарттың?" деп қоңырау шалған. Айтуынша, әлдекімдер "жаңа бапкер қызметінен бас тартып жатыр" деген жалған ақпарат таратқан.

"Соңында ауыр атлетика федерациясының басшылығымен сөйлестім. Олар министр Ақтоты Райымқұлованың шешімі жарамайды, барлығы үкіметтік деңгейде желтоқсанның 24-де шешіледі деп жауап берді. Бірақ ол кезде дауысқа салмаймыз, тағайындаймыз деді. Сонда білдей министр үкіметтің өкілі емес пе деп таңқалдым", - дейді жаттықтырушы.

Талдықорғандағы жиында таңдауын жасаған аға жаттықтырушылар да федерацияның әрекетін түсінбей әлек. Мамандар бірауыздан сайлаған үміткерге сенім артып отырғанын айтты.

"Алдағы уақытта біз осы кісімен жұмыс жасағымыз келеді өз дауысымызды бердік. Неге сол шешім қазір шықпады? Неге сол министрдің шешімін қайтадан жоққа шығарып отыр? Біз алдағы уақытта Дәурен Бекмұханбетовді бас бапкер қызметінен көргіміз келеді. Біз осы кісіге сенім артып отырмыз", - дейді Ауыр атлетикадан БҚО аға жаттықтырушысы Дәурен Байтөриев.

"Өзі ісін білетін кісілер. Солардың шешімін жоққа шығарып тұр. Сонда аға жаттықтырушылардың ойы ешкімге керек емес пе? Балалармен жұмысты федерация істемейді, ҰОК істемейді. Ол жерде аға жаттықтырушылар істейді", - дейді Республикалық спорт колледжінің аға жаттықтырушысы Даниел Есмағамбетов.

Телеарнаның мәліметінше, министрлік сайтында жиынның өткені, онда Дәурен Бекмұханбетовтың бас бапкерлікке сайланғаны көрсетілген. Бірақ сол отырыс жөнінде Ауыр атлетика федерациясының арнайы сайтында бірде-бір ақпарат жоқ. Ал комитет өкілдері келеңсіздіктің барын мойындап отыр.

"Федерация ұсынысы бойынша спорт комитетіне ерлер мен әйелдер құрамасын бөлу туралы және ұлттық құрама команданың бас бапкерін осы әлем чемпионатынан кейін тағайындау бойынша ұсыныс келіп түсті. Спорт комитеті ол ұсынысты мақұлдады. Соған байланысты бас бапкердің тағайындалуы кейінге шегерілді", - дейді Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946026-auyr-atletikadan-ulttyq-quramanyn-bas-bapkeri-bolyp-sailangan-bekmuxanbetov-ali-kunge-deiin-qyzmetine-kirispegen/

pixel