jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбелік журналист "Қазақ аруы 2021" байқауының жеңімпазы атанды

Аружан
Фото: instagram.com/aruzhan.amanzhollova

Алматыда өткен "Қазақ аруы-2021" байқауының жеңімпазы анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Хабар" арнасының мәліметінше, биыл "Қазақ аруы" тәжі 21 жастағы ақтөбелік журналист Аружан Аманжоловаға бұйырған.

Бойжеткен "Aqtobe" телеарнасындағы "Қайырлы таң, Ақтөбе" бағдарламасын жүргізеді.

Жоба продюсері Баян Алагөзованың жазуынша, Аружанның журналистикаға деген махаббатын телевизия ардагері Нұртілеу Иманғалиұлының "Бай-қуатты болайық" деген сөздері оятқан.

"Аружан Қоғамға айшықты ақпарат беріп, ұлтының жанашыры болуды кәсіби миссиясы, ал ұлтсүйер, ұлтына қызмет етер ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсаты деп біледі", - дейді ол.

Айта кетсек, 2020 жылы Алматы облысының тумасы Нарқыз Айдарова "Қазақ аруы" атанған болатын.

Ақтөбелік журналист "Қазақ аруы 2021" байқауының жеңімпазы атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.