Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте 700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 683 адам тіркелді, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 104
  • Алматы қаласы - 51
  • Шымкент қаласы - 12
  • Ақмола облысы - 64
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 29
  • Атырау облысы - 7
  • Шығыс Қазақстан облысы - 35
  • Жамбыл облысы - 6
  • Батыс Қазақстан облысы - 20
  • Қарағанды облысы - 101
  • Қостанай облысы - 71
  • Қызылорда облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 5
  • Павлодар облысы - 81
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 83
  • Түркістан облысы - 4.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 977 714-ке жетіп отыр.

Сонымен бірге, өткен тәулікте 1044 адам аурудан айыққан.

9 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 22 353 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 4 404 пациент стационарда, 17 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы 349 адамның жағдайы ауыр, 85 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 60 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946033-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel