Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жүк пойызы бірнеше қойды басып кетті

Опубликовано:

Қой
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысында жүк пойызы 20-шақты қой мен ешкіні басып кетті. Оқиға Аққыстау ауылы маңында түнде болған. Машинист темір жолда жүрген малды көріп, шұғыл тежегіш басқанымен, тоқтап үлгере алмай қалғанын айтқан, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Темір жол маңында жайылып жүрген малынан айырылған ер адам айыппұл төлеуге міндеттелген.

"Иесін тауып, сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, малды қараусыз қалдыруға болмайтынын айтып, үстінен Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 559 бабы1 бөлігіне сай 5 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды", - деді Атырау станция әкімшілік полиция бастығының міндетін атқарушы Өмірзақ Мұстафин.

Мамандар мұндай түсіндірме жұмыстары нәтиже берер емес деп отыр. Төрт түліктің кедергі келтіруімен биыл пойыз 212 рет тоқтауға мәжбүр болған. Бұл былтырмен салыстырғанда екі есе көп екен.

Ал 20 малдың иесі айыппұл салғандарға өкпелі. Қатты желден ұсақ мал ықтап кетіп, екі күн бойы табандары таусылып іздепті.

"Ол өзі малын таба алмай мотоциклмен айдалада шырылдап жүрді... Қалай салады? Кім салады? Малын жоғалтып алған кісіге айыппұл салғанын түсінбедім...", - деді мал иесінің туысы Сисенбай Шеруенов.

Б. Надірқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946217-atyrau-oblysynda-zuk-poiyzy-birnese-qoidy-basyp-ketti/

pixel