Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бензин тек талонмен ғана сатылып жатқаны рас па

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pxhere.com

Түркістан облысының жүргізушілері бензин таппай сандалып жүр. Көп жанар-жағар май құю бекеттерінде сұйық отын жоқ. Ал, барлары тек талонмен үлестіруде. Май құю бекеттерінде ұзан-сонар кезек. Тіпті жедел-жәрдем көліктері де кезек күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"5 жанармай құю бекетіне бардым, бесеуінде де бензин жоқ. Біреуінде ұзын сонар кезек, көшеге дейін шығып кеткен. Тағы бір жанар жағармай құю бекетіне келсек, бұлар да 92-ні талоны дейді. 95-ті 205-тен деп қымбаттатып жатыр. Енді қымбаттатудың амалын жасап жатыр ма түсінбедім", - деді Түркістан обысының тұрғыны Қамбар Балқыбеков.

Өңір басшысының орынбасары сұйық отынның тапшылығын Павлодардағы мұнай өңдеу зауытының уақытша жөндеуге тоқтап тұрғанымен байланыстырды. Мәселені шешу үшін Шымкенттегі зауыттардың бірінен жанар-жағармай сатып алып жатқаны айтылды. Жұмысы тұралап қалғандардың көбі - ұсақ май құю бекеттері. Бұған ақылы жолдар себеп, дейді Рашид Аюпов.  

"Энергетика министрлігі мен ШНОС-тың айтуына қарағанда мәселені 2 күнде толық шешеміз деген. Яғни бүгін немесе ертең бұл мәселенің бәрі шешіледі. Демалыс күніне дейін алыс орналасқан Мақтаарал, Шардара, Жетісай аудандарына жеткізетін боламыз. Қазір сұраныс кезінде жинаудың қажеті жоқ", - деді Түркістан обысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов.

Автор: А. Данияр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946237-turkistan-oblysynda-benzin-tek-talonmen-gana-satylyp-zatqany-ras-pa/

pixel