Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын өткізеді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Бүгін, 10 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады", – деп жазды Берік Уәли.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15.00-де "Хабар 24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілетіні атап өтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946279-toqaev-zogary-euraziyalyq-ekonomikalyq-kenestin-otyrysyn-otkizedi/

pixel