Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады

Опубликовано:

Дәурен Абаев
Дәурен Абаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев шенеуніктерге журналистердің сұрағына қызармай, шынайы жауап беруге кеңес берді.

Абаев кейінгі кезде журналистердің шенеуніктерге жалақысы мен азық-түлікке қанша шығын жұмсайтыны туралы жиі сұрақ қоятынына қатысты пікір білдірді.

"Мен мұны хайп деп атар едім. Сыбайлас жемқорлық, лауазымын асыра пайдалану, мемлекеттік қызметкердің әдепке жат қылығын сынауды түсінемін. Алайда журналистің министр немесе әкімнен жалақысы туралы "маңызды журналистік зерттеу" жүргізгендей сұрақ қоюы күлкілі көрінеді. Ал үкіметтегі және әкімдіктегі әріптестеріме қызармай, іркілмей, шынайы түрде жалақысы туралы айтуға кеңес берер едім", - деп жауап берді Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында.

Ал журналистер мұндай сұрақ қойған кезде орталық мемлекеттік органдар мен өңірлердің экономикасына жауап беретін шенеуніктер елдегі нарық жағдайын нақты білетініне көз жеткізгісі келетінін, соған байланысты жалақы мен азық-түлік шығыны мөлшері туралы білгісі келетінін айтады. Нақтырақ айтқанда, әңгіме азық-түлік бағасының өсуіне қатысты болып отыр.

Бұған дейін Қазақстанның ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке қанша шығын жұмсайтынын айтты. Айтуынша, бір айда отбасы 50 мың теңгеге азық-түлік сатып алады.

Қазақстанның энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отбасының бір айда азық-түлікке шамамен 200 мың теңге жұмсайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946301-dauren-abaev-ministrler-men-akimderdin-zalaqysyn-suraudy-xaip-dep-atady/

pixel