Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын пайдалану: Ералы Тоғжанов халыққа үндеу жасады

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру мерзімін ұзарту шешімі бойынша халыққа үндеу жасады.

Тоғжановтың сөзінше, зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтардың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі жеткілікті табысын қамтамасыз ету.

Азаматтарымыз жинақтың шекті межесінен жоғары сомаларды пайдалану олардың болашақ зейнетақысының мөлшерін едәуір қысқартатынын түсінуі тиіс, деп есептейді вице-министр.

"Бүгін президенттің тапсырмасын жедел орындау мақсатында жинақтардың шекті межесін көтеру мерзімін ұзарту туралы үкімет шешімінің жобасы әзірленді, ол жақын арада қабыданатын болады. Осы күнге дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын 606 мыңнан астам адам барлығы 2,2 трлн теңге көлемінде қолданды", – дейді Ералы Тоғжанов.

Айтуынша, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану – қазақстандықтар үшін жақсы мүмкіндік.

"Зейнетақы жинақтарының шекті межесі болашақ зейнеткерлердің мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан, бұл мүмкіндікті ақылмен пайдалу керек деп ойлаймын, аса мұқтаж болғанда, емделу немесе пәтер алу қажет болғанда осы мүмкіндікке жүгінген жөн", – деді Тоғжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946438-zeinetaqy-zinagyn-paidalanu-eraly-togzanov-xalyqqa-undeu-zasady/

pixel