Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірлерін өзгертуге тырыспайды": Полицей отбасындағы қорлыққа шыдап жүре беретін әйелдер жайлы айтты

Опубликовано:

Зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Петропавлда "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы өтті. Оның аясында әйелдерге өз құқығын қалай қорғау керектігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Полицияның айтуынша, десе де берілген кеңеске құлақ аспай, отбасындағы зорлық-зомбылыққа шыдап жүре беретін нәзік жандылар да бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі СҚО полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы органның мәліметінше, "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы басталғалы Петропавлда бес әйел полицияға кеңес алу үшін жүгінген. Олардың барлығы күйеуі қол көтерген жағдайда не істеу қажеттігін сұраған.

Тәртіп сақшылары әйелдерге бірден полицияға шағым жазу қажет екендігін түсіндірген. Себебі, шағым арқылы ғана учаскелік полицейлер жағдайды бақылауға алып, түсіндіру жұмысын жүргізеді.

Алайда әйелдердің бірде-біреуі алған кеңесті пайдаланбаған.

Полиция осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестегі басты мәселені атады. Олардың дерегінше, көптеген нәзік жанды өз өмірлерін өзгертуге тырыспайды, яғни отбасындағы қорлыққа шыдап жүре береді.

"Бірер күн бұрын ішімдікті асыра пайдаланатын күйеуінен бірнеше рет жәбір көрген әйелді Дағдарыс орталығына орналастырдық. Бірнеше жыл бұрын күйеуі ауыр дене жарақатын салған, сотталған. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін әйел оны тастап кете алмаған. Жәбірленушілердің арасында мұндай жағдайлар жиі кездеседі.

Сондықтан "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясын өткізу кезінде полицейлердің міндеттерінің бірі – азаматтардың құқықтық білімдерін арттыру, әйелдердің құқықтарын қорғау үшін заңмен қарастырылған механизмдерді насихаттау", - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Әсем Ілиясова.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қарашаның 25-і мен желтоқсанның 10-ы аралығында өткен акция аясында есепте тұрған 500-ден астам тұлғаны тұрғылықты жері бойынша тексерген. Әр үйде профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жауапкершілік туралы ескертілген.

Осы орайда полицейлер үйдегі зорлық-зомбылық мәселесі бойынша 49-31-58 нөмірі (ӘЗҚТ) немесе 8-708-432-45-61 WhatsApp нөмірі арқылы, сондай-ақ 150 "қауырт желісі" бойынша кеңес беруге әзір екендіктерін еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946476-omirlerin-ozgertuge-tyryspaidy-policei-otbasyndagy-qorlyqqa-sydap-zure-beretin-aielder-zaily-aitty/

pixel