Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 680 отбасы баспаналы болды

Опубликовано:

Қызылорда2
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Ғанибек Қазантаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында Қызылорда қаласының сол жағалауындағы 680 пәтерлік 14 тұрғын үйдің кілтін табыстады.

Жаңа пәтер иелері кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар.

Аймақ басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, Тәуелсіздіктің 30 жыл ішінде Сыр өңіріндегі тұрғын үй салу қарқыны жоғары екенін атап өтті.

сурет3
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

"Баршаңызды алдымен еліміздің ең басты ұлық мерекесі – қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенділігі мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сындарлы саясатының салтанатты жемісі. Құрылысы қарқынды Қызылордамызда бүгін тағы бірнеше жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, пәтер иелерінің қуанышын бөлісіп отырмыз. Үйлеріңіз сәбидің күміс күлкісіне бөленіп, шаңырақтарыңыздың түтіні түзу шықсын!", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, облыс әкімі мердігер мекемелердің тұрғын үйлерді уақытылы және сапалы салғанын атап өтіп, ризашылығын білдірді.

сурет4
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Салтанатты шарада көпбалалы ана Нұргүл Ермаханова қоныстанушылар атынан көрсетілген қолдауға алғысын жеткізді.

Қызылорда852
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Еске салайық, Қызылорда облысында 30 жыл ішінде 8 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл 2 408 пәтерлік 110 тұрғын үй құрылысы жүруде. Жыл аяғына дейін 1 608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

фото5
Фото: Қызылорда қаласының ішкі саясат бөлімі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946481-qyzylordada-680-otbasy-baspanaly-boldy/

pixel