jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады

Бақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова. Фото: Ақжайық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ресми Telegram-каналында Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеу басталғанын мәлім етті.

Ведомствоның дерегінше, шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінген.

"Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомство күдіктілердің бірі Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейтінін айта кетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет басқармасының басшысы ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып, 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.