Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"БҒМ қайтарып беруді тапсырды": Маңғыстауда мектебіне 1 млн теңге сыйлаған оқушыға ақшасы қайтарылмақ

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Маңғыстауда есептеуіш құрал ойлап тауып, байқаудан 1 млн теңге ұтып алған 4 сынып оқушысы жүлдесін мектебіне табыстаған деген ақпарат тараған еді. Аталған ақпаратқа Білім және ғылым министрлігі жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова оқушының бас жүлдесін мектепке табыстауына қатысты пікір білдірді.

"Маңғыстаулық төртінші сынып оқушысы математика сабағында қолдануға арналған құрал жасап, өзінің білімі мен күш-жігерінің арқасында республикалық конкурста 1 миллион теңге ұтып алғаны қуантады. Дарынды балалардың әлеуетін көтермелеу, оларды қолдау өте маңызды.

Оқушы жеңіп алған сыйақысын өзінің мектебіне интерактивті тақтаны сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның мейірімді жүрегі мен басқа да жағымды қасиеттерін көрсетеді", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол интерактивті тақта секілді құрал-жабдықтарды жергілікті орган сатып алуы тиіс екендігін еске салып, оқушыға жүлдесі қайтарып берілетінін жеткізді.

"Бұл ретте интерактивті тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуы тиіс. Әрине, балалардың өз мектебін қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын қолдау керек. Дегенмен, бұл ондай жағдай емес.

Заң бойынша мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзыретінде екенін атап өту қажет. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жабдықтарды сатып алу үшін бюджет қаражатын бөледі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңген ақшаны оқушыға қайтару және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен қажетті құрал-жабдық сатып алу ұсынылды", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946557-bgm-qaitaryp-berudi-tapsyrdy-mangystauda-mektebine-1-mln-tenge-syilagan-oqusyga-aqsasy-qaitarylmaq/

pixel