Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көз жанарынан айырылған аула тазалаушы ойда-жоқта баспаналы болды

Опубликовано:

аула тазалаушы
Видеодан кадр: Otyrar.kz

Шымкент тұрғыны Нұртілеу Жүнәлиев көз жанарынан айырылғанына қарамастан көше сыпырып отбасын асырап келеді. Зағип жан туралы ақпарат ел тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Жергілікті Otyrar телеарнасынан көрсетілген сюжеттен кейін Нұртілеуге көмек қолын созамын деушілер көбейіп, бір ай ішінде оған баспана тарту етілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайырымдылыққа күллі ел ат салысты. Көмекке "Харекет" қоры да үлес қосқан. Жылу жинау бір айға жетпей тоқтатылды. Көпбалалы отбасы енді қоныс тойын тойлауда.

"Мен әлі сенбей тұрмын. Otyrar телеарнасына, "Харекет" қорына және барлық қазақстандыққа алғыс айтамын. Бұл бақыт, бұл Алланың рахымы. Біз ризамыз. Енді біздің өз үйіміз бар, барлығыңызға рахмет", - дейді Нұртілеудің жары Аселханым Тұрғынбаева.

Otyrar арнасының "Жаңалықтар" бағдарламасына шыққан сюжет бірнеше күн ішінде елге тарап кеткен, зағип жанның жағдайына жаны ашыған ел ақша жинай бастаған.

Айта кетейік, көз жанарынан айырылған аула тазалаушы жатақхананың бір бөлмесінде бала-шағасымен тұрып келген. Отағасының көзі бала күнінен көрмейді. Соған қарамастан ол аула тазартып, күнкөріске ақша тапқан.

"Бұл отбасына біз 10 млн теңге жинадық, оған үлкен, жайлы үй сатып алдық. Сіздерге алғыс айтамыз, көмектескен барлық жанға рахмет, біз қайырымды іс жасадық", - деді "Харекет" қорының директоры Гүлмира Мұқанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946560-symkentte-koz-zanarynan-aiyrylgan-aula-tazalausy-oida-zoqta-baspanaly-boldy/

pixel