jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"99 күнде жүріп өткен": Бейжіңге атпен барып келген шыңжаңдық қазақ отбасы жайлы не білеміз

Қытайдағы қандастар
Видеодан кадр: altxw.com

Шыңжаңдық жас жұбайлар үйінен Бейжіңге дейін 99 күнде атпен жүріп өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ағажай-Алтай ақпарат порталына сілтеме жасап.

Шыңжаңдық ерлі-зайыпты жастар атпен Бейжіңге барып, бала күнгі арманына қол жеткізді. Олар ел астанасындағы алаңдардың бірінде өтетін мемлекеттік туды шығару салтанатына қатысқан. Жұбайлар 99 күнде үйіне қайта оралды.

Қытайлық БАҚ дерегіне сүйенсек, Жайна Еркінқызы отбасымен Қытайдың Тарбағатай аймағында Сауан ауданы Болтунгу қалашығы Кенаген қыстағында тұрады. Жайнаның жасы 25-те. Ол жолдасымен бірге қыстақта мал шаруашылығымен айналысады. Ерлі-зайыптылар жылқы, сиыр, қой сияқты түліктерді бағады. Екеуі ғылыми жолмен мал бағу арқылы сиыр қой тұқымын үздіксіз асылдандырып, кірісін жыл сайын арттыруда.

Ерлі-зайыптылар жаз айында туыс-туған, дос-жаранының қолдауына ие болғаннан кейін екі мықты тұлпар таңдап, Бейжіңге аттанған. Олар жол бойы өздеріне кезіккен адамдардың азық-түлік, дәрі-дәрмек ұсынғанын айтады.

99 күннен соң қайтып оралған жас жұбайларды ауылдастары қарсы алған. Жайна жолдасымен бірге сапарда көрген-түйгендерін жақындарына әңгімелеп беріпті.

"Қазір ауылымызда асфальт жол есігіміздің алдына дейін төселген, барлық отбасында су, электр энергиясы, ғаламтор бар. Балалар балабақшадан бастап тегін оқиды. Мектепте тамақ, жатын орын да қарастырылған. Біз 300-ден астам қой, 40 бас сиыр, 20 бас жылқы бағып отырмыз. Тұрмысымыз күннен күнге жақсарып келеді", - дейді Жайна Еркінқызы.

"99 күнде жүріп өткен": Бейжіңге атпен барып келген шыңжаңдық қазақ отбасы жайлы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.