Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында дүкендегі жанжал кезінде сатып алушы пышақ жарақтын алды

Опубликовано:

Фото
Фото: polisia.kz

Алматы облысында дүкендегі жанжал салдарынан бір адам пышақ жарақатын алған. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қараша күні түнде полицияға пышақ жарақатын алған Шамалған станциясының 35 жастағы тұрғыны Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркеуге алынған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Іле ауданы, "Көкжиек" баубақша қоғамында тұратын 37 жастаы ер адам болып шыққан.

7 желтоқсанда күдікті "Алтын орда" базарында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу кезінде ер адам қылмысын мойындап, алты бөтелке сыра ішкен соң дүкенге барғанын айтқан. Сөзінше, оған сол жерде сатушыны ренжіткен сатып алушының әрекеті ұнамаған.

Жанжал барысында күдікті пышақты алып, жәбірленушінің ақасына бірнеше рет сұғып алған. Содан кейін пышақты тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946654-almaty-oblysynda-dukendegi-zanzal-kezinde-satyp-alusy-pysaq-zaraqtyn-aldy/

pixel