Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Тәуелсіздік мерекесінде қанша күн демалады

Опубликовано:

көк ту11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

16-17 желтоқсан күндері ел тұрғындары Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осыған байланысты қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

Биыл Тәуелсіздік күні бейсенбі мен жұмаға түсіп тұр. Сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынын төрт күн - 16-19 желтоқсан аралығында демалады. 20 желтоқсан, дүйсенбі жұмыс күні болып есептеледі.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар 16-17 желтоқсан күні демалып, 18 желтоқсан сенбі күні қайта жұмыс істейді. 19 желтоқсан жексенбі, әдеттегідей демалыс.

Айта кетсек, 2022 жылдың 1-2 қаңтары сенбі-жексенбіге түсіп тұрғандықтан, сәйкесінше демалыс күндері 3-4 қаңтарға ауыстырылады.

5-6 қаңтар күндері қайтадан жұмыс күні, ал 7 қаңтарда ел тұрғындары Рождество мерекесін атап өтеді. Сол себепті, жұма 7 қаңтар демалыс болады.

8-9 қаңтар сенбі-жексенбі, 10 қаңтарда жаңа жұмыс аптасы басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946662-qazaqstandyqtar-tauelsizdik-merekesinde-qansa-kun-demalady/

pixel