Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та өз кәсібін дөңгелетіп отырған атыраулық азамат туралы не білеміз

Опубликовано:

Атыраулық азамат
Фото: facebook.com/adil.khamiyev

Атыраулық Әділ Хамиев бірнеше жыл бұрын арман қуып мұхиттың арғы жағына көшіп кеткен. Бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отырған ол алдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Кәсіпкер көпбалалы отбасында дүниге келген. Америка Құрама Штаттарына аттанбай тұрып ол мұнай кен орнында жұмыс істегенін жеткізді.

"Бастапқы кезде АҚШ-қа ағылшын тілін үйреніп, ой-өрісімді кеңейту үшін келгенмін. Бірақ бұл ел мені баурап алды. Алғашында әр жерде жұмыс істедім. Тіпті ыдыс жуып, сағатына 12 доллар тапқан кездерім болды", - деді Әділ.

Оның айтуынша, АҚШ-та табыс табудың құпиясы — еңбегің үшін сағатына жалақы алу.

"Біздің Қазақстанда жұмысшыларға сағатына жалақы төленсе, барлығы жұмыс істейтін еді. Америкалықтардың ұйықтауға да уақыты жоқ", - деді атыраулық.

Мичиган штатында кәсіпкердің пандемия кезінде ашқан жеткізу қызметі бар. Бұл салада қызметкерлердің ең төменгі айлық жалақысы 4,5 мың доллар.

Жақында Әділ жүк көлігін жүргізуді үйренген. АҚШ-та жүк тасымалдайтын жүргізушілер 20 мың долларға дейін табыс табады, дейді ол.

"Нью-Йоркта бір айға бөлме жалдап тұру үшін сіз 1000 доллар бересіз. Мичиганда мұндай ақшаға екі бөлмелі пәтер жалдап тұруға болады", - деді Әділ.

Өз армандарына қол жеткізген қазақстандықтың үш бірдей көлігі бар.

"Lexus 470" маркалы көлігін Әділ 11 мың долларға алған. АҚШ-тың түкпір-түкпірін аралап үлгерген ол тек үш штатта болып көрмедім, дейді.

Әділдің жақындары енді оның шаңырақ көтеріп, үй болғанын қалайды. Өзі де бұл туралы ойлап жүргенін жасырмады. Атыраулық азамат болашақ жарының Қазақстаннан болғанын қалайды.

Әділдің айтуынша, америкалық арулар алғашқы кездесуде-ақ жігіттерге өз талаптарын қойып тастайды. Олар қайда тұрамыз, қанша баламыз болғанын қалайды, жігіттің қандай міндеттері бар, ол қанша ақша табуы керек деген сұрақтарды талқылауға дайын, дейді отандасымыз.

Оған қазақстандық қыздардың шығыс даналығын ұстанатыны ұнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946692-aqs-ta-oz-kasibin-dongeletip-otyrgan-atyraulyq-azamat-kop-syndyqtyn-betin-asty/

pixel