Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандағы университет Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды

Опубликовано:

туризм11
Фото: Turkistan Tourism Center

Ағымдағы жылдың 30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Мадридте БҰҰ-ның Дүниежүзілік туризм ұйымы (ЮНВТО) Бас Ассамблеясының 24-сессиясы күндізгі форматта өтті, оның жұмысына әлемнің 120 елінен 1000-нан астам делегат қатысты.

Қазақстандық делегацияны ЮНВТО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі К.Жигалов басқарды.

Сессия барысында туризмді тұрақты қалпына келтіруге, білім беруге және ауылдық туризмді дамытуға ерекше назар аударылды.

түркі әлемі1
Фото: Turkistan Tourism Center

Ассамблеяның негізгі мәселелері ұйымның Бас хатшысын 2022-2025 жылдарға бекіту, ЮНВТО жарғылық органдарына кандидатураларды бекіту, 2023 жылы ЮНВТО ГА-ның келесі сессиясын өткізу орнын айқындау, ЮНВТО-ның өңірлік бөлімшелерін құру, Атқарушы кеңес мүшелерін сайлау және ЮНВТО-ның үлестес мүшелерінің құрамына қосылу болды.

Түркістан туризм77
Фото: Turkistan Tourism Center

Ұйымның жаңа мүшесі ретінде Түркістан қаласында жаңадан ашылған Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің қосылуын ратификациялау туралы шешімнің қабылдануы маңызды оқиға болды. Осылайша, Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті осы тұрғыда ЮНВТО бекіткен Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны болды.

ЮНВТО-ға мүшелік кейіннен университет жанынан ЮНВТО білім беру орталығын ашу мәселесін ілгерілетуге ықпал ететін болады.

туризм елі74
Фото: Turkistan Tourism Center

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946760-turkistandagy-universitet-duniezuzilik-turizm-uiymyna-muse-boldy/

pixel