Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық іздеуде жүрген ресейлік 21 жылдан кейін Көкшетауда қолға түсті

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейде зорлау ісі бойынша 21 жыл бойы іздеуде жүрген ер азамат Көкшетауда қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында 6-12 желтоқсан аралығында “Мигрант” іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген бес қылмыскерді ұстады.

Атап айтқанда, облыс орталығының аумағында 2000 жылдан бастап Ресей ішкі істер министрлігінің Сургут қаласы бойынша басқармасы іздестіріп жүрген қылмыскер – 52 жастағы азаматы қолға түсті. Оған адам зорлады деген айып тағылған.

Сондай-ақ, Есіл ауданының аумағында Ресей ішкі істер министрлігінің Набережные-Челны қаласы бойынша басқармасымен Ресей Федерациясы қылмыстық кодекстің 158-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқан қылмыскер – Ақмола облысының 37 жастағы тумасы анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946835-xalyqaralyq-izdeude-zurgen-reseilik-21-zyldan-keiin-koksetauda-qolga-tusti/

pixel