Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой ревакцинация елімізде неге QazVac екпесімен ғана жүргізілетінін түсіндірді

Опубликовано:

Вакцина
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында неліктен қазақстандықтарды ревакциналауда тек отандық QazVac вакцинасы салынатынын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер елордалық емханаларда коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау үшін QazVac-тан басқа вакцина жоқ екенін атап өтті.

БАҚ өкілдері денсаулық сақтау министрінен бұл жағдайды түсіндіруді сұрады.

"Спутник V" салдыру мүмкін емес, себебі онда екі түрлі құрамдас бөліктер бар. Ревакцинация кезінде құрамы бірдей вакциналар ғана беріледі. "Спутник V"-да бірінші және екінші құрамдас бөліктері әртүрлі. Тиісінше, Қазақстанда қайта вакцинациялау үшін бірінші және екінші құрамдастары бірдей вакциналар қолданылады", – деп түсіндірді Цой.

Сондай-ақ ол жақын арада қазақстандықтар үшін "Спутник лайт" вакцинасы қолжетімді болатынын айтты.

"Ол пайда болғаннан кейін ол да қолжетімді болады. Біз "Спутник лайт" вакцинасы туралы айттық, қазір жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Күтіп отырмыз. Қазір біз екі жолды қарастырып жатырмыз, қайсысы тезірек болатынына байланысты: не Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта шығарамыз, не тезірек жеткіземіз", – деп қосты министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946871-nelikten-qazaqstandyqtarga-revakcinaciyalau-usin-tek-qazvac-gana-qolzetimdi/

pixel