Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 12 жасқа толмаған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін бе

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында "елімізде 12 жасқа толмаған балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін бе" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады.

Алексей Цойдың сөзінше, ел аумағында 12 жасқа толмаған балаларды иммундауға қатысты мәселе әлі шешілген жоқ. 

"12 жасқа дейінгі балаларға ата-анасының келісімі болған кезде вакцина салу мүмкіндігіне қазір елімізде тыйым салынған. Себебі біздің қолымызда өндірушілердің нақты нұсқаулығы жоқ. Қазіргі сәтте өндірушілер ұсынған нұсқаулықта 12 жастан асқан балаларға ғана коронавирусқа қарсы екпе салуға рұқсат, - деді министр.

Сонымен қатар ол қайта вакцина салдыруға қатысты пікір білдірді. Министрдің сөзіне сенсек, бәрі ақылы вакциналар пайда болған соң шешілуі мүмкін.

"Бізге өзге ақылы вакциналар келген соң азаматтардың өздеріне бір немесе екі вакцина қабылдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береміз. Бірақ ревакцинация кезінде бір доза, яғни үшінші компонентті салу ұсынылады", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946874-elimizde-12-zasqa-tolmagan-balalarga-koronavirusqa-qarsy-ekpe-salynuy-mumkin-be/

pixel