Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқулықтардың салмағына қатысты гигиеналық талаптар бекітілді

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы бұйрығы бойынша оқу басылымдарына қойылатын гигиеналық нормативтер бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта оқушы арқалайтын бір оқулықтың салмағына қатысты нақты норма көрсетілген.

Ол бойынша:

1-4 сынып оқулықтары 300 грамнан;

5-6 сыныптар үшін 400 грамнан;

7-9 сыныптар үшін 500 грамнан;

10-11(12) сыныптар үшін 600 грамнан аспауы керек.

Бұйрықта оқулық салмағын аталған нормадан 10% арттыруға ғана жол берілетіні айтылған. Оқулық салмағынан бөлек кітап басылатын қағазға, баспа сапасына, пайдаланылатын қаріптерге (шрифт – ред) қойылатын талаптар нақты көрсетілген.

Құжаттың толық мәтінін мына жерден көруге болады. Бұйрық 2021 жылдың 24 желтоқсанынан бастап қолданысқа енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946887-oqulyqtardyn-salmagyna-qatysty-gigienalyq-talaptar-bekitildi/

pixel