Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіз Қазақстанға - 30 жыл

Опубликовано:

көк ту11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін елімізде ұлық мереке – Қазақстанның тәуелсіздік күні. Биыл айтулы мереке отызыншы рет тойланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңды қабылдады.

Бұл – еліміз бен хал­­қы­­мыз­­дың болашақ дамуын, ер­тең­гі тағ­дырын анықтаған аса ма­ңыз­ды, тарихи құжат.

Содан бері Қазақстан елеулі жетістіктерге жетті және күрделі сын-қатерлерден өтті.

Төл валютасын қолданысқа енгізді. Әскерін құрды. Шекараларын бекітіп, жаңа астанасын салды. Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. 

Бүгінде Қазақстан – БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, Еуроодақ, МАГАТЭ, ЮНЕСКО және басқа да аса ықпалды халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде нығайтып отыр. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ЭЫДҰ секілді беделді халықаралық ұйымдар бар.

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Астана Опера" опера және балет театрының ғимаратында өткен салтанатты іс-шараға қатысты.

Қазақстан президенті барша қазақстандықты ел әтуелсіздігінің мерейтойымен құттықтап, жиналған қауым алдында сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөйлеген сөзінде қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойғы тарихының ең маңызды кезеңдеріне, тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси, мәдени, ғылыми салалардағы маңызды жетістіктеріне назар аударды.

"Тәуелсіздіктің отыз жылы – тұтас бір дәуір. Бұл – қиындықтар мен сынақтарды табанды түрде еңсеру дәуірі, тар жол, тайғақ кешумен салыстыруға болатын ұзақ кезең. Бұл – халқымыздың тарихында бетбұрыс болған жасампаздық дәуірі. Сондықтан ел азаматтарының атынан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанды құрудағы ерен еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтамын", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, жиында Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қандай арманы бар екенін айтты.

"Қазіргі күні біз алдымызға озық 30 ел қатарына қосылу жөнінде өршіл мақсат қойып отырмыз. "Армансыз адам – қанатсыз құс" дегендей, елімізді өркендету жолында бізге ешқашан тоқмейілсуге, тоқтап қалуға болмайды.

Жер көлемі жөнінен әлемде 9-шы орын алатын еліміз басқа да барлық бағыт бойынша болашақта озық 10  мемлекет қатарына қосылса деп армандаймын. Ұлы мұрат жолына белін байлаған ұлтымыз, мақсаткер де жасампаз жұртымыз барда сол арманымның орындаларына сенгім келеді", - деді Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947180-tauelsiz-qazaqstanga-30-zyl/

pixel