jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

90 жастағы қарияны өрттен аман алып қалған ақтөбелік желі жұлдызына айналды (фото)

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбеде 90 жастағы қарияны аман алып қалған өрт сөндіруші ерекше марапатқа бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

23 жастағы ақтөбелік өрт сөндіруші Мейрамбек Самрат әлеуметтік желіде жұлдыз болды. Ол өрт шыққан үйде қалған 90 жастағы кейуананы құтқарып қалды. Мейрамбектің өзі әрекетін ерлік санамайды.

"Ол оқиға 14 қараша күні сағат 12-лер шамасында болды. Екі қабатты үйден өрт шықты. Екінші қабатта 90 жастағы әже тұратын пәтердің есігі ашылмай қалған. Ойланбастан саты арқылы терезеден кіріп, сыртқа алып шықтық. Әже өздігінен жүре алмайды екен.
Кейін бұл жағдай әлеуметтік желіге тарап кетті. Әке-шешем құтқару кезіндегі әрекетімді желіден көріп, қуанғандарын айтты. Сол оқиғадан кейін таныстарым, әріптестерім құттықтады. Мен ерлік жасадым деп ойламаймын. Адам өмірін құтқару- әр өрт сөндірушінің міндеті",- дейді ол.

Мейрамбек Самрат Қандыағаш қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушы қызметінде 2019 жылдан бастап істейді.

Университетте спорт бөлімін бітірген жас маман әскер қатарына алынып, бала күнгі арманы  - өрт мөндіру қызметіне жұмысқа тұрған.

"Мамандық міндетін жауапкершілікпен мойынға алған соң батылдық керек. Өрт сөндірушіде қорықыныш болмайды. Тек адам өмірін құтқаруды ғана ойлайсың. Кейде 2-3 күн үй көрмей, далалық өртті сөндіруге шығатын кездер болады. Бізде тамағымызды уақытылы ішпей қалдық деген мәселе жоқ. Басты міндет - адам өмірім құтқару. Көмектесе алсам, қуанамын, мамандығыма деген мақтанышты сеземін. Бүгінгі қуанышымыз-тәуелсіздік. Біз бейбіт елдің азаматтарымыз",-дейді ол.

Өрт сөндіруші
Фото: NUR.KZ

90 жастағы қарияны өрттен аман алып қалған ақтөбелік желі жұлдызына айналды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.