Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 оқушы жарақат алды: Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 8 азамат ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: sn.kz

Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен сегіз азамат ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 15 желтоқсан кешкі сағат 18:00 шамасында Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінде бір топ азамат жанжалдасып, қару қолданған.

Салдарынан аялдамада тұрған үш жасөспірім оқтың ұшқынынан жарақат алады.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, көмек көрсетілген және олардың біреуі сол күні қайтарылса, қалған екеуі дәрігерлік бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жағдайы бірқалыпты.

Полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде 8 күдікті анықталып, ұсталды.

Бұдан бөлек, кешенді жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, қарудан оқ атқан болуы мүмкін басты күдікті қолға түсті. Ол өз кінәсін мойындап, одан қылмыс құралы және заттай айғақтар тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының (ұстап алу негіздері) талаптарына сәйкес, ұсталған 9 күдікті қамауға алынды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947310-qyzylorda-oblysynda-ayaldamada-us-oqusyny-qarumen-zaralagan-kudiktiler-ustaldy/

pixel