Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында "Қызыл кітапқа" енген сілеусін камераға түсіп қалды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: facebook.com/olzhas.berkinbayev

Түркістан облысы аумағындағы Сайрам-Өгем ұлттық табиғи саябағында "Қызыл кітапқа" енген сілеусін камераға түсіп қалды. Бұл туралы экология министрлігі қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Орталық Азияда ғана кездесетін "Түркістан сілеусіні" Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді.

1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi - деген ғылыми атау берілген. Кәдуәлгі сілеусін тұқымдас "Түркістан сілеусіні" негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді екен. Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің “Қызыл кітабына” енген.

Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947384-turkistan-oblysynda-qyzyl-kitapqa-engen-turkistandyq-sileusini-kameraga-tusip-qaldy/

pixel