Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"55 млн теңге жиналды": Беташар табағына қыруар ақша тасталған тойдың видеосы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Той
Видеодан кадр: Instagram/nauryz.bb92

Әлеуметтік желіде тойдан түсірілген видео тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны белгілі жайдарманшы, "Байдың балалары" командасының ойыншысы Рсымов Наурызбек Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Мына беташар "потолок" емес пе? Бір жігіт бір жарым миллион теңге тастады деген сіздерде болды ма?", - деді ол.

Кадрдан бірнеше жігіттің беташар табағына миллионнан астам теңге салғанын аңғару қиын емес. Сонымен қатар видеода қазақтың дәстүрін жүргізіп тұрған Рсымов Наурызбекке де ер азаматтардың алғыс ретінде, ақшалай сыйақы ұсынғаны көрінеді.

Жайдарманшы өзінің жазбасында беташар табағына 55 млн теңге түскенін жеткізген.

Айта кетейік, беташардың қай өңірде өткені белгісіз.

Желі оқырмандарының сөзіне сенсек, мерекелік шара Түркістан облысында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947407-betasar-tabagyna-55-mln-tenge-tastady-toida-tusirilgen-video-zelide-qyzu-talqyga-tusip-zatyr/

pixel