Ел президенттігіне үміткер болған Төлеутай Рахымбеков екінші рет шаңырақ көтерді (фото)
Жарияланған күні:
Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, Қазақстан президенттігіне үміткер болған Төлеутай Рахымбеков екінші рет шаңырақ көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ол неке қию рәсімінің кадрларын өз Facebook парақшасында бөлісті.
"16 желтоқсан - ұлы ұлттық мереке - Қазақстан Тәуелсіздігі күні. Бірақ, біздің жанұямыз үшін бұл - 1980 жылы әкеміз дүние салғанда 25 жасында әке орнын басқан ағамыз Жоламан Жүсіпті еске алатын күн.
Кеше дәстүр бойынша жанұямызбен туған жеріміз Жаңаарқада жақындарымызбен, ағамыз бен оның жары Насиханың достарымен, көршілермен жиналып, бізді тәрбиелеп өсірген әжемізге, әке -шешеме, ағам Жоламан- Жүсіп пен оның жары Насихаға құран бағыштадық. Бұл жолы қаралы тізімде менің Салтанатым да болды...
Бүгін, 17 желтоқсан күні барша мұсылман үшін қасиетті Жұма күнінде менің де, Салтанаттың да жақындарының рұқсатымен екінші рет шаңырақ көтеру туралы шешім қабылдадым. 2021 жылдың 17 желтоқсанында тәуелсіз Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласындағы "Рыскелді Қажы" мешітінде неке қию рәсімі өтті",- деп жазды ол.
Төлеутай Рахымбековтің жары Айгүл - мамандығы бойынша экономист. Ол Халықаралық медицина орталығында жұмыс істейді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947505-qazaqstan-prezidenttigine-umitker-bolgan-toleutai-raxymbekov-ekinsi-ret-sanyraq-koterdi-foto/