Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Lexus көлігін тізгіндеген әйел жазаланды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kris_p_press

Әлеуметтік желіде пайда болған видеодан кейін алматылық әйел жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_press парақшасында жарияланған. Бейнежазбада ер адам жол ережесіне қарамастан, оны өткізбей қойған Lexus көлігіндегі әйелге шағымданады.

"Ол погондарды нұсқап "Өткізіп жібер", дейді. Айтпақшы, ол мені де видеоға түсіріп алды. Оның логикасы бойынша егер көлік тізгінінде бойжеткен отырса, одан бөлек, полицей болса, жол ережесіне мән бермей, барлық жерде оған жол беруіміз керек пе?", – дейді жазба авторы.

Ер адамның шағымына қатысты Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram желісіндегі парақшасында жауап берді.

Оның сөзінше, көлік тізгініндегі азаматша жауапқа тартылған.

"Азаматша Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік кодекстің 614-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау") бойынша жауапкершілікке тартылды", – дейді ол.

Полицейлер погондар туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947521-almatyda-aleumettik-zelide-taragan-videodan-keiin-lexus-koligin-tizgindegen-aiel-zazalandy/

pixel