Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оспановтың ҚМА төрағасының орынбасары қызметінен не себепті кеткені белгілі болды

Опубликовано:

Ермек Оспанов
Фото: ҚМА ресми сайты

Қаржы мониторингі жөніндегі агенттік Ермек Оспановтың қызметтен босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Ермек Оспанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазған.

Көп ұзамай төрағаның бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс жөніндегі департаменттің директоры Ғабит Лесбеков болып тағайындалды.

Айта кетейік, Ермек Әшімханұлы Оспанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Тиісті құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды",- делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947762-ermek-ospanovtyn-qma-toragasynyn-orynbasary-qyzmetinen-ne-sebepti-ketkeni-belgili-boldy/

pixel