Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық белгілі саясаттанушы 45 жасында өмірден өтті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиев өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы хабарды мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Достар, біздің досымыз, серіктесіміз, партиямыздың негізін қалаушылардың бірі Сұлтанбек Сұлтанғалиев дүние салды... Ол ұзақ уақыт ауырып, алғашқы инсульттан кейін айыға алмады.

Жатқан жері жайлы болсын. Иманы саламат болсын", - деп жазды мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, Сұлтанбек Сұлтанғалиев 1976 жылы 16 сәуірде Оралда туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және құқық факультетін тәмәмдап, еңбек жолын мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Саясаттанушы соңғы жылдары еліміздегі ақпараттық-сараптамалық порталдың бірінің бас редакторы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947790-qazaqstandyq-belgili-sayasattanusy-45-zasynda-omirden-otti/

pixel