Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қылмысты хабарламаған бұрынғы полицей қамауға алынды

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бұрынғы полицей тергеліп жатыр. Ол қылмыс туралы біле тұра, құқық қорғау органдарына хабар бермеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Kozachkov offside Telegram-арнасында аты-жөні көрсетілмеген оқырманның хабарламасы жарияланды. Онда зейнеткерлерді тонау қылмысына полиция қызметкерінің қатысы бар екені туралы айтылған.  

"Учаскелік инспектор бір күн бұрын саяжайды 17 миллион теңгеге сатқан зейнеткерлердің үйін тонауға болатынын екі басбұзарға айтқан. Қылмыскерлер ақшаны ала алмай, зейнеткерлерді тұншықтырып өлтірген. Оларды ұстады, барлығы кінәсін мойындады. Учаскелік инспектордың ақпарат бергенін айтты. Ол кінәсін мойындамай отыр", - делінген хабарламада. 

Алматы қалалық полиция департаменті осы қылмыс бойынша 27 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Алайда қарияны тұншықтырып өлтіргенін растаған жоқ.

"Бұдан бөлек, бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген азамат қылмыс туралы білген, бірақ уақытында ақпарат бермеген. Сондықтан жауапқа тартылып отыр. Қазіргі уақытта ол Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицейлер.  

Құқық қорғау саласының мамандары қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947851-almatyda-qylmysty-xabarlamagan-buryngy-policiya-qyzmetkeri-qamauga-alyndy/

pixel