Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин вакцинация мен ревакцинация қарқынын арттыруды тапсырды

Опубликовано:

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: Ақорда

Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин облыс әкімдеріне халықты коронавирусқа қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығы туралы баяндады.

"Инфекциялық және реанимациялық төсектердің жүктемесі 19% құрайды. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша өңірлердің көбісі (15) және жалпы ҚР "жасыл аймақта" орналасқан. Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "сары аймақта" тұр", – деді Асқар Мамин.

Бүгінде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың шамамен 80%-ы, сондай-ақ 8,4 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 75%-ға жуығы екінші компонентін алды.

Әлемде коронавирустың жаңа штаммының таралуына байланысты үкімет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту, үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, сондай-ақ халықты ревакцинациялау қарқынын арттыру қажет екеніне ерекше назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947886-asqar-mamin-vakcinaciya-men-revakcinaciya-qarqynyn-arttyrudy-tapsyrdy/

pixel