Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі жағымды жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында баяндама жасалы. Оның сөзінше, Қазақстанда коронавирус бойынша оптимистік сценарий іске асып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке көз жүгіртсек, соңғы екі аптада сырқаттану деңгейі 31 пайызға төмендеген.

Қазіргі уақытта ел аумағында 18 852 науқас емделіп жатыр. Инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың 19 пайызы ғана бос емес. Соңғы үш айда науқастардың саны 4,5 есеге азайды.

"Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес, желтоқсан айында тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркеліп, оптимистік сценарий іске асып жатыр. Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады, жағдай министрліктің бақылауында тұр", - деді Бүркітбаев..

Ол коронавирустың бір адамнан жұғу көрсеткіші 0,90-ды құрап отырғанын жеткізді. Осылайша, репродуктивті көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендеген.

Алайда әлем бойынша коронавирусты жұқтыру жағдайларының көбейіп жатқаны байқалып отыр. Әсіресе, Еуропада соңғы екі аптаның ішінде 54 елдің 15-інде сырқаттану деңгейі өскен.

Мәселен, Данияда сырқаттану көрсеткіші 70 пайыздан асып кеткен. Италия мен Швецияда – 50 пайызға, Франция мен Ұлыбританияда – 40 пайызға, Норвегия мен Португалияда науқастардың саны 30 пайызға артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947895-densaulyq-saqtau-ministrligi-zagymdy-zanalyqty-bolisti/

pixel