Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қайтадан "сары" аймаққа оралуы мүмкін

Опубликовано:

жедел жәрдем77
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша қайтадан "сары" аймаққа оралуы мүмкін. Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қалада эпидемиологиялық жағдайдың ушығу қаупі бар екенін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, астана 15 желтоқсаннан бері "жасыл" аймақта тұр. Алайда бүгінде Нұр-Сұлтанда Rt репродуктивті саны - 0,993-ге жеткен. Бұл көрсеткіш 1,0-ден асып кетсе, қала қайтадан "сары" аймаққа оралады.

"17 желтоқсанда коронавирус жұқтырған 532 адам, 18 желтоқсанда 536 адам, 19 желтоқсанда 521 адам, 20 желтоқсанда 545 адам, 21 желтоқсанда 552 адам тіркелді. Ауру жұқтырғандар санының көбейгені байқалады, салдарынан Rt санда өсіп жатыр", - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан 7 күннен бері "жасыл" аймақта тұр. Осыған байланысты қала билігі карантин шараларын тағы да жеңілдетуі керек еді. Алайда билік өкілдері елордадағы эпидемиологиялық ахуалды тағы бақылап көрмек. Егер коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайса, карантин жеңілдетіледі.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әдеттегідей маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, жаппай іс-шараларға бармауға шақырады", - деп қосты ведомство.

Айта кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты 2022 жылдың қаңтар айына арналған болжамын ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947973-nur-sultan-qaitadan-sary-aimaqqa-oraluy-mumkin/

pixel