Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде зейнетақы жинағы арқылы ең қымбат үй 162 млн теңгеге сатып алынған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

"Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа сатып алынған ең қымбат үйдің бағасын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"2021 жылы жасалған мәмілелердің саны (Қазақстанда тұрғын үй сатып алу бойынша – ред.) өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бүгінгі таңда 179 мың келісімшарт ипотекасыз жасалды, яғни үй толықтай сатып алынды.

Бір қызығы, зейнетақы жинағы арқылы тұрғын үй сатып алу бойынша ең үлкен мәміле 162 миллион 400 мың теңгеге жасалды – бұл премиум-класстағы тұрғын үй. Ең төмен мәміле құны - 1 млн теңге шамасында болды, бұл ауылдық жердегі немесе аудан орталығындағы үй болуы мүмкін", - дейді "Отбасы банкінің" басшысы.

Ибрагимованың сөзінше, Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттаған.

Дегенмен ол жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне зейнетақыдағы артық ақшаны алуға берілген рұқсат әсер етпегенін, бүкіл әлемде баспана қымбаттағанын айтты.

"Көптеген фактор рөл ойнады. Тек зейнетақы қаражаты әсер етті деуге болмайды. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуі барлық жерде орын алуда, сонымен қатар, азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар бағасының өсуіне әкелетін инфляциялық процестер бар.

Құрылыс материалдарына келсек, арматура мен бетон бағасы екі есе өсті. Сонымен бірге, жалақы да көтерілді - краншылардың, монтаждаушының еңбекақысы бірден көтерілді", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948014-elimizde-zeinetaqy-zinagy-arqyly-en-qymbat-ui-162-mln-tengege-satyp-alyngan/

pixel