Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Одан жаман болған жоқпыз": Мектепте еден жуғанын есіне алған депутат оқушыларды еңбекке баулуға шақырды

Опубликовано:

Геннадий Шиповских12
Фото: KAZ.NUR.KZ

Парламент мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских Ақтөбеге​ сапарында мектеп басшыларымен кездесті. Ұстаздармен диалог түрінде әңгімелескен депутат балаларды ерте еңбекке баулу туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі №78 мектеп директоры Жанар​ Сейтмағанбетованың айтуынша, қазіргі таңда балаларға білім беруге ғана емес, оларды өмірге бейімдеуге де көптеп көңіл бөлінуде.

"Соның бірі - еңбекке баулу, еңбекке тарту. Бұрын оқушыларды мектепте кезекшілікке қоятын едік. Тазалық сақтау, еден жуу жұмыстары жасалатын. Қазір ата-аналардың пікірі екіге бөлінді: Бірі баламыз еңбекке бейім болады деп қолдаса, енді бірі мұны бала құқының бұзылу деп қабылдап жатады. Сіз қалай ойлайсыз? Бұл баланы еңбекке тарту ма әлде бала құқының бұзылуы ма?", - деп сұрады Жанар​ Сейтмағанбетова депутаттан.

7 сыныпқа дейін үздік оқушы болғанын еске алған Геннадий Шиповских балаларды мектеп жасынан еңбекке баулуды қолдайтынын жеткізді.

"Әке-шешем де, өзіміз де солай өстік. Сыныпта екі бала болып қалып, еден жуып, тақта тазалайтынбыз. Ол керек нәрсе. Мен толығымен қолдаймын. Асхат Аймағамбетов мырзамен​ кездескен кезде айтып жүрмін. Өкінішке орай, қазір кейбір оқушылар құдайдай. Біз кезінде мұғалімді көрсек, үрейіміз ұшатын. Мектеп директорының алдына бару - ақырет күніндей еді. Мәселе қорыққанда емес, құрмет болды.

Қазір әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да болып тұр. Мұғалімді оқушы суретке түсіріп, желіге салады. Дұрыс нәрсе емес, бұрынғы тәсілге көшуіміз керек. Мен осы мәселені көтеріп келемін. Баланы еңбекке баулу -​ мектеп табалдырығынан басталу керек, одан біз жаман болған жоқпыз", - дейді мәжіліс депутаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948076-odan-zaman-bolgan-zoqpyz-mektepte-eden-zuganyn-esine-algan-deputat-oqusylardy-enbekke-bauluga-saqyrdy/

pixel