Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескертуді елемейтін жүргізушілерге айыппұл салына ма: Министр жауап берді

Жарияланған күні:

Аяз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құтқарушылардың ескертуін елемейтін көлік жүргізушілеріне айыппұл салу бастамасына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның сөзінше, бұндай идея айтылған.

Алайда ол үшін көп дәлел жинау керек, дейді министр.

"Әрбір көлік жүргізушісі бойынша ақпарат жинау қиын. Мен алдымен азаматтардың сана-сезіміне сенемін. Ескерту келсе я болмаса ауа-райының бұзылып бара жатқанын көрсеңіз, өміріңізге қауіп төндірмеңіз", - деді Юрий Ильин.

Министр "айыппұлдың арқасында адамды тәртіпке салуға болады" деген пікірде. Алайда өзі жаңа бастаманы қолдап отырған жоқ.

"Әкімшілік жаза кей кезде адамға ой салады, ойланбай істейтін қылықтан сақтайды. Дегенмен, мен өзім осы идеяны қолдамайтын шығармын", - деп атап көрсетті Ильин.

Бұған дейін құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, жолға шығатын көлік жүргізушілеріне айыппұл салу бастамасы бірнеше рет көтерілді.

Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгеріс енгізу керек.

Ресми мәліметке сәйкес, осы жылы қыс басталғалы Қазақстанда 173 рет дабылды ескерту жарияланды.

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар 35 рет жабылды. Бұдан бөлек, көлік қозғалысына қатысты алты рет шектеу енгізілген болатын. Соған қарамастан, құтқарушылар 27 адамды қар құрсауынан шығарып, 74 адамды қауіпсіз жерге шығарды.

Мамандар Darmen қосымшасын қолдануға кеңес беріп отыр. Соның көмегімен дабылды ескертулер туралы ақпарат алып тұруға болады.

Алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп шыққан жөн. Адамдар ауа-райына сай киінуі керек, дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948260-eskertudi-elemeitin-zurgizusilerge-aiyppul-salyna-ma-ministr-zauap-berdi/