Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцина алмаған оқушылар мен студенттер қашықтан оқитыны рас па

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Мессенджерлерде Өскеменде колледждердің бірінде вакцина алмаған барлық студентті қашықтан оқыту форматына көшіру туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат тарауда. Осыған ұқсас тағы бір хабарламада теміртаулық мектепте үшінші тоқсанда COVID-19-ға қарсы екпе алмағандарды сабаққа жібермеу үшін балалар мен ата-аналар туралы мәліметтер жинап жатқаны айтылған. Бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұған қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, ҚР және ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларында вакцинацияланбаған студенттерді мекемеге жіберуге тыйым салу туралы талап қарастырылмаған.

"ШҚО білім басқармасы басшысының айтуынша, аталған факті анықталғаннан кейін колледж директорымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде вакцинацияланбаған студенттерді қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрық жойылды. Бүгінгі таңда бұл - облыстағы мектептер мен колледждерде орын алған жалғыз факті", – деді Ержан Байтанаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, вакцинацияланбаған оқушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы хабарламалар ойдан шығарылған және негізсіз.

"Қазақстан Республикасының және Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулыларында егілмеген оқушыларды білім беру ұйымдарына жіберуге тыйым салу туралы талап жоқ.
Бұл ретте, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы №46 қаулысының 5-тармағына сәйкес денсаулық сақтау басқармасы білім басқармасымен бірлесіп, вакцинаның қажетті көлемін есептеу үшін тізімдер жасай отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын адамдар туралы деректерді алдын ала жинауды (ақпараттандырылған келісімді ескере отырып) қамтамасыз етуі тиіс, – деді санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Демек, егілмеген студенттер мен мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстыру туралы хабарламалар шынайы емес. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында мұндай талаптар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948266-vakcina-almagan-oqusylar-men-studentter-qasyqtan-oqityny-aqparat-ras-pa/

pixel