Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрланған шетелдік азамат Қордай асуындағы жанармай құю бекетінде хат қалдырып, көмек сұраған (видео)

Опубликовано:

Күдіктілер
Видеодан кадр: Алматы облысы ПД

Алматы облысында 43 жастағы шетел азаматын ұрлады деген күдіктілер ұсталды. Көлікпен тасымалданған ер адам жанармай құю бекеттерінің бірінде көмек сұрап, хат қалдырған. Шетелдікті құтқару операциясының мән-жайын өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желтоқсанның 23-нен 24-не қараған түні Алматы облысының полициясына Жамбыл облысындағы әріптестерінен Honda Elysion көлігін тоқтату туралы ақпарат түскен. Хабарламада көлікте ұрланған адам болуы мүмкін екені айтылған.

Белгілі болғандай, Қордай асуындағы жанармай құю бекеттерінің бірінен бейтаныс ер адамның хаты табылған. Ол хатта өзін ұрлап кеткенін айтып, көмек сұраған.

"Мемлекеттік нөмірі бар көліктің маркасы жанармай құю бекетіне қойылған камералар арқылы анықталды. Біздің аумақта бірден "Ұстау" жоспары енгізілді. Алматы-Бішкек тас жолында патрульдік полицияның қызметі күшейтілді. Себебі Honda Elysion көлігі сол жолмен кетіп бара жатыр деп топшыладық.

Нәтижесінде Жамбыл ауданындағы Самсы ауылының маңында іздеу салынған көлік анықталып, тоқтатылды. Иномарканың салонында бес ер адам болды, олардың бірі 43 жастағы шетелдік болып шықты. Ол өзінің ұрланғанын айтты. Ұсталғандар бірден жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің патрульдік полиция комбаты Ерлан Мұхамедяров.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілердің бәрі Жамбыл облысына жеткізіліп, адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948441-men-qorqamyn-qazaqstanda-urlangan-seteldik-azamat-zanarmai-quyu-beketine-xat-qaldyrgan-video/

pixel