Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Еліміздің бір өңірі "сары" аймақтан шығып қалды

Опубликовано:

тәжвирустан жазылды
Көрнекі фото: 7news.kz

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша, бірде бір өңір "қызыл" аймақта тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы орналасқан.

"Жасыл" аймаққа Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары енген.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 442 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталған болатын.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 83,

Алматы қаласында - 44,

Шымкент қаласында - 4,

Ақмола облысында - 49,

Ақтөбе облысында - 2,

Алматы облысында - 7,

Атырау облысында - 12,

Шығыс Қазақстан облысында - 21,

Жамбыл облысында - 4,

Батыс Қазақстан облысында - 11,

Қарағанды облысында - 59,

Қостанай облысында - 42,

Қызылорда облысында - 8,

Маңғыстау облысында - 3,

Павлодар облысында - 45,

Солтүстік Қазақстан облысында - 46,

Түркістан облысында - 2 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 985 458-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948497-covid-19-elimizdin-bir-oniri-sary-aimaqtan-sygyp-qaldy/

pixel