Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бауыржан Момышұлының үйінде қонақ болған": Желіде тараған Қонаевтың ескі видеосы елді сүйсінтті

Опубликовано:

Дінмұхамед Қонаев. Фото
Дінмұхамед Қонаев. Фото: https://www.instagram.com/qazaqtyn_naqyl_sozderi/

Желіде марқұм Дінмұхамед Қонаевтың ескі видеосы жария етілді. Видеоны желіге жүктеген авторлардың жазуынша, аталған видео Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының шаңырағында түсірілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеода Дінмұхамед Қонаевқа Бауыржан Момышұлының келіні шапан жауып, сый-құрмет көрсетіп жатқанын көруге болады. Одан бөлек, оған кітап түріндегі сый ұсынып жатқаны бейнеленген. Десе де, видеоның қай жылдары түсірілгені белгісіз. Желідегі оқырмандар видеоға қатысты түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Олар видео Бауыржан Момышұлы өмірден қайтқаннан кейін түсірілген деп болжады.

"Керемет бақыттымын сіздің келгеніңізге, мың да бір рахмет!", - дейді видеода Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова.

Видео соңында Дінмұхамед Қонаев үй иелеріне алғысын жаудырып, даладағы қара түсті Жигули маркалы көлікке мінген.

"Батыр атамыз көрінбеді ғой видеода. Сонда ол қайтқаннан кейін барған ба?", "Ұлы тұлға", "Қарапайымдылығымен ұлық еді атамыз. Жаны жәннатта болсын!", "Нағыз нар тұлға. Бұл - тарих. Не деген қарапайымдылық. Нағыз аңыз адам. Жаны жәннатта болсын", " Бауыржан атамыз жоқ сияқты видеода", "Ұлы адам", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948538-bauyrzan-momysulynyn-uiinde-qonaq-bolgan-zelide-taragan-qonaevtyn-eski-videosy-eldi-suisintti/

pixel