Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Темір адам": Қарағанды облысында шынашағымен гір тасын көтеретін атай жұртты таңғалдыруда (видео)

Опубликовано:

Алшынбай Мұқышев
Алшынбай Мұқышев/видеодан кадр: Хабар24

Қарағанды облысында арматураны оңай майыстырып, 16 келілік гір тасын шынашақ саусағымен көтеретін зейнеткер тұрады. 65 жастағы Алшынбай Мұқышев йоганы да еркін меңгерген деп, хабарлайды Хабар24.

Алшынбай атайды ауылдастары "Темір адам" тіпті "Терминатор" деп атап кеткен. Зейнеткердің спортпен шұғылданып жүргеніне 25 жыл болған.

Қазір турникке де тартылады, кір тасын да көтереді. Темір мен тасты да тас-талқан етеді. Құрылыс саласынан да хабары мол. Алшынбай атай әйгілі балуан Қажымұқанға еліктейтінін жасырмайды.

"Қажымұқан атамыз сиырға дейін көтерген ғой. Күш өнері. Соны естіп өскенбіз. Олар кеудесіне тас сындырып, үстінен көлік өткізген. Соны естіп жасағаным ғой. Тыныс алу ғой, медитация, йога деп жатады, сол йоганың бір түрі", - дейді Алшынбай Мұқышев, зейнеткер.

Ақжал ауылында Алшынбай атайды бәрі құрметтейді. Аз ұйықтап, көп еңбек ететін зейнеткер таң атысымен жұмысқа кірісіп кеткенді ұнатады екен.

"Ол кісі Балуан Шолақ, Қажымұқан, Иманжүсіп аталардың кітабын көп оқыған. Солардың өнерін қайталаймын дейді. Қазір жастарға өнеге болсын деп қайталағысы келеді. Басты мақсаты солай болған. Әкеміз қарапайым адам. Беталды елге көрініп, суретке түскісі де келмейді", - дейді зейнеткердің ұлы Шәкен Әбжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948572-temir-adam-qaragandy-oblysynda-synasagymen-gir-tasyn-koteretin-atai-zurtty-tangaldyruda-video/

pixel