Өткен тәулікте тағы қанша адам коронавирус жұқтырған
Опубликовано:

Өткен тәулікте елімізде 393 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram каналы.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 68,
- Алматы қаласында - 52,
- Шымкент қаласында – 14,
- Ақмола облысында – 36,
- Ақтөбе облысында - 0,
- Алматы облысында - 14,
- Атырау облысында - 10,
- Шығыс Қазақстан облысында - 27,
- Жамбыл облысында - 4,
- Батыс Қазақстан облысында - 9,
- Қарағанды облысында - 56,
- Қостанай облысында - 26,
- Қызылорда облысында - 1,
- Маңғыстау облысында - 5,
- Павлодар облысында - 38,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 31,
- Түркістан облысында - 2.
Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 986 946-ға жетіп отыр.
Сонымен қатар, 718 адам COVID-19 инфекциясынан сауығып шықты.
29 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 16 977 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 2 524 пациент стационарда, 14 453 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы, 221 адамның жағдайы ауыр, 67 пациенттің жағдайы өте ауыр, 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949023-otken-taulikte-tagy-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrgan/