Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 50 жастағы әйел жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: 056.ua

ШҚО-да 50 жастағы әйел жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тұрақты негізде заңсыз еңбек және жыныстық қанаумен, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға тартуға байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мұндай рейдтер барысында жалдамалы пәтерлер, монша кешендері, қонақ үйлер тексеріледі. Жыл басынан бері барлығы 3 факт анықталып, құжатталды.

Жезөкшелікпен айналысуға, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды тартудың бір фактісі және 24 жеңгетайлық фактісі анықталды.

Мысалы, желтоқсан айының басында облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жалдамалы пәтерде притон ұйымдастырған, онда 20 жастан 35 жасқа дейін бес әйел анықталды, олар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949157-sqo-da-50-zastagy-aiel-zaldamaly-paterde-priton-uiymdastyrgan/

pixel