Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр елінде өндірілетін өнімдер шетелдің 10 мемлекетіне экспортталды

Опубликовано:

Сыр елінде өндірілетін өнімдер шетелдің 10 мемлекетіне экспортталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Биыл Сыр елінде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында импорт алмастыратын, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған құны 543,3 млрд.теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асты.

Биылғы жылдың 11 айында іске қосылған жобалармен өндірілген өнім көлемі 1,4 есеге өсіп, 44,8 млрд.тенгені, оның ішінде экспортталған өнім көлемі 1,5 есеге өсіп, 15,9 млрд.теңгені құрады. Экспортқа шығарылған 5 түрлі өнімнің географиясы 10-нан аса шет елді қамтиды. Атап айтқанда, Сыр өнімі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай Халық Республикасы, Ұлыбритания, Польша елдеріне экспортталуда.

Биыл бағдарлама аясында құны 45,2 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаның іске қосылуы жоспарланған. Олар – шыны зауыты, тұз, күріш өңдеу цехы және керамзит блоктары өндірісі. Жаңа өндірістерде 500-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Сыр елінде өндірілетін өнімдер шетелдің 10 мемлекетіне экспортталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Биыл ірі индустриялық жоба шыны зауытының балқыту пеші іске қосылды. Кәсіпорын жылына 197,1 мың тонна, тәулігіне 600 тонна өнім шығара алады. Бұл арқылы сырттан алатын өнімге деген тәуелділік азаяды, сондай-ақ, басқа мемлекеттерге деген экспорттың 30%-ын жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Зауытта әлемнің жетекші елдері - АҚШ, Италия, Бельгия, Финляндия және Қытайда шығарылған заманауи үлгідегі технологиялар қолданылады. Кәсіпорында табақ шыны, энергия үнемдейтін шыны, айна, ламинатталған шыны, күйдірілген шыны өнім түрлері өндіріледі деп күтілуде.

Шыны зауытының айналасында шыныдан бұйымдар шығаратын ілеспе өндірістер құрылады. Қазірдің өзінде инвесторлар тарапынан екі жобаның жобалау жұмыстары басталған. Бұл композиттік материалдар мен айна өндірісі.

Биылғы жылы Сырдария ауданында қуаттылығы жылына 630 тонна күріш өңдейтін "Ақжарма-1" ФҚ және қуаттылығы жылына 180 мың тонналық «Аралтұз» АҚ ІІІ испан цехы пайдалануға берілді.

Сыр елінде өндірілетін өнімдер шетелдің 10 мемлекетіне экспортталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Кәсіпорынның индустрияландыру бағдарламасы аясында 2014 және 2016 жылдары ашылған 2 цех испан технологиясы бойынша шығарылатын өнім отандық нарықта сатылады және ТМД елдеріне экспортталады. Қазіргі таңда нысанда үшінші цех пайдалануға беріліп, өндірістің қуаты 350 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Кәсіпорында мыңға жуық жұмысшы істейді.

Сондай-ақ, жақын арада Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 3 млн. дана керамзит блоктарын шығаратын алғашқы өндіріс іске қосылды. Керамзитті бетонды блоктар көлемді және қарапайым кірпіштерді, қымбат материалдарды алмастырады.

Қазіргі таңда зауыт құрылысы толықтай аяқталды. Қондырғылар орнатылып, алғашқы сынама өнім өндірілді.

Сыр елінде өндірілетін өнімдер шетелдің 10 мемлекетіне экспортталды
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мұнан бөлек, Аралқұм ауылдық округіне қарасты Шөміш елді мекеніндегі «Aral Quartz» ЖШС-ның кварц құмын байыту бойынша тау-кен комбинатының І кезеңі іске қосылды. Комбинат жылына 120 мың тонна байытылған кварц концентраты мен құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіреді, нысанда 70 жаңа жұмыс орын құрылды. Дайын өнімнің 30% ішкі нарыққа, 70% экспортқа шығарылады.

Айта кетейік, комбинат өндіретін кварц құмы жуырда жұмысын бастаған шыны зауытының өндірісінде қолданылмақ. Бұл өнімге шетелден де сұраныс жоғары. Жобаның екінші кезеңінде цех қуаттылығын арттыру және өнім түрлерін көбейту мақсатында жаңа нысанның құрылысы басталды.

Жалпы Қызылорда өңірі 30 жыл ішінде аграрлық-индустриялық өлкеге айналды. Аймақта келер жылы 5 жоба іске қосылмақ. Олар: 2 құс фабрикасы, ет өңдеу комбинаты, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндірісі, балық қалдықтарынан ұн шығару цехы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949211-syr-elinde-ondiriletin-onimder-seteldin-10-memleketine-eksporttaldy/

pixel