Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның неше өңірі "сары" аймақта

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, бір облыс пен қала "сары" аймақта тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

30 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 440 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949243-koronavirus-qazaqstannyn-nese-oniri-sary-aimaqta/

pixel