Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спутник- V" алғандардың "жасыл" мәртебесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылатыны рас па

Опубликовано:

ашық жобасы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде биыл көктемде "Спутник-V" вакцинасын алған адамдар 1 қаңтардан бастап "жасыл" мәртебесін жоғалтады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті желідегі ақпаратты жоққа шығарды.

"Қандай вакцинамен егілгеніңізге қарамастан, Ashyq жүйесіндегі "жасыл" мәртебе екінші компонентті алған сәттен бастап бір жыл бойы сақталады. Яғни, вакцинаның екінші дозасын, мысалы, 2021 жылғы 30 сәуірде алсаңыз, онда "жасыл" статус 2022 жылғы 30 сәуірге дейін сақталады", – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, вакцина салдырған адамдар 2022 жылдың басында Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесін жоғалтады деген ақпарат - жалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949377-sputnik-v-algandardyn-zasyl-martebesi-2022-zylgy-1-qantardan-bastap-zoiylatyny-ras-pa/

pixel