Павлодарда шенеуніктер қазынадан 59 млн теңге жымқырған
Опубликовано:

Павлодарда қазына қаржысын жымқырған шенділер сотталды. Қаржылық моноторинг агенттігінің аумақтық департамент қызметкерлері 59 млн теңгені қолды қылған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
5 адамнан құралған топқа сот 8 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасын кесті.
Сотталушылар "Сарыарқа" шағын ауданына коммуналдық желілер тарту мен абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаражатты талан-таражға салған.
Кейін олардың Ленин кентіне салынған спорт кешенінің қаржысын да жымқырғаны әшкере болды.
"Азамат Ахметов 2016-2017 жылдар аралығында бірнеше жалған кәсіпорындарды сатып алып, оларды басқа адамдардың атына тіркеп, мемлекеттік сатып алуға қатысқан. Нәтижесінде орындалмаған жұмыстарға орындалды деген актілерге қол қойып, мемлекет қаражатын жымқырғаны анықталды", - деді Павлодар облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Жоламан Қиналбеков.
Матеиал авторы: Ө. Қуанар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949461-pavlodarda-seneunikter-qazynadan-59-mln-tenge-zymqyrgan/