Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде 2022 жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер қаңтар айының алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, Ақ теңіз аудандарынан жылжып келе жатқан Солтүстік-Батыс циклон, республикамыздың батысында жауын-шашын (көбінесе қар) тудырады.

Содан кейін шығыс бағытта жылжып республиканың қалған бөлігіне жетеді. 

Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, дейді синоптиктер.

"Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді, батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ, солтүстік және орталық өңірлерде бұрқасын күтіледі. Жалпы республика бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы және аяздың бәсендеуі күтіледі. 3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде - 10-18, күндіз - 3-8 градус аяз болады, оңтүстік жартысында термометр бағанасы 0-5 градусқа жетеді, кей жерлерде 0-10 аяз, күндіз 3-13 жылы", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1949484-elimizde-2022-zyldyn-algasqy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel